«Швейная фабрика Семирамида» ЖШС (әрі қарай-Серіктестік) -де жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

    1 / 6

    Департаментке тіркелген арыз бойынша ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Сеитова тарапынан «Швейная фабрика Семирамида» ЖШС (әрі қарай-Серіктестік) -де жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
    Тексеру барысында мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Сеитова тарапынан Серіктестік жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптары, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау, еңбек жанжалдарын болдырмау бойынша арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Кездесу барысында жұмыскерлерге жалақының мерзімінде төленуі, кезекті еңбек демалысы өтемақысының төлену тәртібі, есеп-айырысу өтемақыларын алу мерзімдері туралы айтылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары