Атырау облысының Махамбет ауданында су тасқыны қаупінің алдын алу және елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инженерлік-қорғаныс іс-шаралары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Алға және Талдыкол ауылдарында жағалауды нығайту жұмыстары ұйымдастырылып, су нысандарына жақын орналасқан аумақтарды қорғауға бағытталған инженерлік жұмыстар атқарылуда.
Инженерлік жұмыстардың сапалы орындалуы елді мекендердің су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздігін арттырып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын ықтимал су басудан қорғауға мүмкіндік береді.
Махамбет ауданындағы бұл жұмыстар су тасқынының алдын алу бойынша кешенді шаралардың бір бөлігі болып табылады. Алдағы уақытта да су басу қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда инженерлік-қорғаныс шаралары жалғастырылады.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы мен су тасқыны қаупінің алдын алу шаралары Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің тұрақты бақылауында.









