Балалардың терезеден құлау қаупінің алдын алу: Атырау облысында 634 пәтерге бекітпе орнатылды

    Балалардың терезеден құлау қаупінің алдын алу: Атырау облысында 634 пәтерге бекітпе орнатылды

    Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының инженері Нұрсәт Хаберов мәлімдеді.

    Биыл 9 айда облыста балалардың терезеден құлауына қатысты 24 жағдай тіркеліп, 1 бала қаза тапқан, 24 бала түрлі жарақат алған. Зардап шеккен балалар 1 мен 7 жас аралығында.

    – Баланың терезеден құлап кетуінің алдын алуда ең маңыздысы – оны қараусыз қалдырмау және терезеге арнайы қорғаныс бекітпелерін орнату. Сонымен қатар терезе алдына бала оңай шығып алатын жиһаздарды қоймаған жөн, – деді Нұрсәт Хаберов.

    Өңірде профилактикалық жұмыстар да тұрақты жүргізілуде. 400-ге жуық рейд ұйымдастырылып, 10 мыңнан астам тұрғын қамтылды.

    Сонымен қатар биылдан бастап көпқабатты тұрғын үйлерде балалардың терезеге жақындағанын ескертетін арнайы дыбыстық хабарлама жүйесі орнатылуда. Жоба BI Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып, жүйе домофондағы дыбыстық сигналға ұқсас түрде жұмыс істейді. Яғни бала терезеге жақындаған кезде ата-анаға ескерту беріледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары