Зияткерлік меншік — заманауи агробизнестің бөлігі

    1 / 6

    8 қазанда Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің қызметкерлері «EXPOREGION» компаниясы мен Қостанай облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «ПОСЛЕ УРОЖАЯ. АГРОСЕЗОН 2026» халықаралық агрофорумына қатысты.
    Іс-шара ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін, бизнес өкілдерін және Ауғанстан, Өзбекстан, Қытайдан келген шетелдік сатып алушыларды біріктірді.
    Бүгінде отандық өнімді жаңа нарықтарға шығару үшін сапалы өндіріс қана емес, оның бренді мен іскерлік беделін дұрыс қорғау да маңызды.Тауар белгісі өнімнің атауын және даралығын қорғауға көмектеседі.Географиялық нұсқау өнімнің белгілі бір өңірмен және оның ерекшеліктерімен байланысын айқындайды.
    Қорғалған бренд — бұл тұтынушылардың сенімі, бәсекелестік артықшылық және өнімді ішкі, сондай-ақ халықаралық нарықтарда жылжытудың қосымша мүмкіндіктері.
    Заң мен Тәртіп — қуатты әрі бәсекеге қабілетті отандық бизнесті дамытудың негізі.

    Қостанай облысы
    Әділет департаментінін
    Баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары