Талдықорғанда қант қызылшасын жинау науқаны басталды

    1 / 13

    Талдықорған қаласында қант қызылшасын жинау науқаны басталды. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысатын 7 шаруа қожалығы жалпы көлемі 134 гектар алқапқа қант қызылшасын еккен. Маусым қорытындысы бойынша 4 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарланып отыр.

    Қазіргі уақытта шаруалар алқаптардағы өнімді жинауға кірісті. Жиналған қант қызылшасы өңдеу үшін Көксу қант зауытына жөнелтіледі.

    Алқап басында еңбек етіп жүргендердің бірі 21 жастағы қала тұрғыны Сейітнұр Молдаш. Ол қазір қант қызылшасын жинау жұмыстарына атсалысып жүр.

    «Қазір қызылша жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Таңертең ерте келіп, техниканы дайындап, жұмысқа кірісеміз. Биыл өнім жақсы. Жиналған қызылшаны көліктерге тиеп, Көксу қант зауытына жөнелтіп жатырмыз. Ауыл шаруашылығында еңбек ету оңай емес, бірақ өз еңбегіңнің нәтижесін көргенде ерекше қуаныш сыйлайды. Осындай науқан кезінде уақытпен санаспай жұмыс істейміз. Ең бастысы өнімді ысырапсыз, уақытында жинап алу», – дейді Сейітнұр Молдаш.

    Өткен жылы қала аумағында 89 гектар жерге қант қызылшасы егіліп, 2,4 мың тонна өнім жиналған болатын. Биыл егіс алқабы 45 гектарға ұлғайып, сәйкесінше өнім көлемінің де артуы күтілуде.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Талдықорған қаласының әкімдігі" жаңалықтары