
6 қазанда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында Ұлттық зияткерлік меншік институты (Qazpatent) еліміздің бірқатар өңірлеріндегі эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының өкілдеріне арналған онлайн-семинар өткізді.
Басты назарда — авторлық және сабақтас құқықтар: Qazcopyright платформасында тіркелу, авторлық қоғамдармен және музыкалық шығармаларды пайдалануға шарттар жасасу, сондай-ақ басқа да практикалық мәселелер болды.
Семинар ашық диалог форматында өтті — қатысушылар сұрақтар қойып, теле- және радиокомпаниялардың жұмысында туындайтын нақты жағдайларды талқылады.
Заңды білу — оны сақтаудың алғашқы қадамы!
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі









