Қазақстан мен Еуропалық инвестициялық банк көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады

    1 / 2

    Астанада Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пен Еуропалық инвестициялық банктің (ЕИБ) Вице-президенті Марек Мора арасында кездесу өтті.

    Кездесу барысында тараптар көлік саласындағы қазіргі ынтымақтастықты және оны одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға және Азия мен Еуропа арасындағы көлік байланысын нығайтуда маңызды рөл атқаратын Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға ерекше назар аударылды.

    Автомобиль жолдары саласында іске асырылып жатқан жобаларды жалғастыру, жаңа жобаларды пысықтау және теміржол саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері жеке қаралды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті нығайтуға және перспективалы көлік жобаларын бірлесіп пысықтауды жалғастыруға мүдделі екенін растады. Қазақстан тарапы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін қажетті үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз етуге дайын екенін білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі" жаңалықтары