Елімізде «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы аяқталды

    Қазақстанда жаңа оқу жылының басында балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған республикалық «Назар аударыңыз, балалар!» профилактикалық акциясы өз мәресіне жетті.

    Акция барысында тәртіп сақшылары мен педагогтар оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көшелердегі қауіпсіздік шараларын едәуір күшейтті.

    Атап айтқанда, оқушыларға арналған интерактивті сабақтар мен сынып сағаттары ұйымдастырылып, мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдері, жол белгілері мен жарықтандыру жүйелері толық тексерілді.

    Сонымен қатар автокөлік иелеріне балалардың қауіпсіздігі үшін мектеп аумағында жылдамдықты қатаң сақтау және жолдарда аса мұқият болу қажеттігі ескертілді.

    Бұл шара балалардың жол бойындағы жауапкершілігін арттырып, жүргізушілердің қырағылығын күшейтуге бағытталған маңызды қадам болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" жаңалықтары