
Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін ұлы тұлға
Қарғалы ауданында Ұстаздар күніне орай салтанатты жиын өтіп, білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға құрмет көрсетілді.
Мерекелік шараға аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев қатысып, барша педагог қауымды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Аудан басшысы ұстаз еңбегінің маңыздылығына тоқталып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектері үшін педагогтерге алғысын білдірді.
Салтанатты жиын барысында білім беру саласында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар ұстазға облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталып, олардың кәсіби еңбегі мен жетістіктері атап өтілді.
Ұстаз еңбегі – ұлт болашағына салынған ең қымбат инвестиция!









