«Заң және тәртіп» қағидаты аясында ШҚО кәсіпкерлеріне еңбек заңнамасының өзекті мәселелері түсіндірілді

    «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ШҚО кәсіпкерлеріне еңбек заңнамасының өзекті мәселелері түсіндірілді

    Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасында еңбек заңнамасының сақталуына қатысты өзекті мәселелерге арналған кәсіпкерлермен кездесу өтті.

    Кездесу барысында қатысушыларға қызметкерлерді жұмысқа қабылдау тәртібі, жұмыс уақытының режимі мен еңбекақы төлеу, сондай-ақ еңбек шарттарын бұзу және қызметкерлерді жұмыстан босату тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар,Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарттарын тіркеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

    Кәсіпкерлерге 2026 жылғы 12 наурыздан бастап белгіленген талаптарды бұзғаны үшін айыппұл санкциялары көзделгені ескертілді. Жаңа еңбек шарты 5 жұмыс күні ішінде, өзгерістер 15 күнтізбелік күн ішінде, ал еңбек қатынастарының тоқтатылғаны туралы мәліметтер 3 жұмыс күні ішінде тіркелуі қажет.

    Сондай-ақ кездесу барысында қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.

    Іс-шараға 40-тан астам кәсіпкер қатысты. Облыс аудандарының өкілдері бейнеконференция байланысы арқылы қосылып, өздерін толғандырған сұрақтарын белсенді түрде қойды.

    Қатысушылардың сұрақтарына Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы Ергазинов К.С. және еңбек заңнамасы бөлімінің бас маманы Сағиева А.Қ. жауап берді.

    Мұндай кездесулер кәсіпкерлерге заңнама талаптары бойынша практикалық түсініктемелер алуға және қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау үшін қажетті шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.

    Осындай кездесулерді өткізу кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңнама талаптарын уақтылы түсіндіруге және еңбек қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары