Осакаров ауданының Батпақ ауылында «Жаңа Ай» шаруа қожалығының базасында «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымы ашылды.
Бөлімше жалпы саны 1000-нан астам адам тұратын екі елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.
Құрылым өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға жедел ден қоюға арналған. Бөлімшенің жұмысына қажетті техника мен жабдықтар қарастырылып, еріктілер құрамы жасақталды.









