Павлодар облысының Әділет департаментінде лауазымды тұлғаларды аттестаттау өткізілді

    Павлодар облысының Әділет департаментінде лауазымды тұлғаларды аттестаттау өткізілді

    2026 жылғы 5 қазанда Павлодар облысының Әділет департаментінің басшысы Д.Г. Татаевтың төрағалығымен ауылдық округтер, кенттер, ауылдар әкімдері аппараттарының нотариаттық әрекеттер жасау құқығына аттестаттауы өткізілді.

    Аумақтық аттестаттау комиссиясының шешімімен маманға екі жыл мерзімге нотариаттық әрекеттер жасау құқығы беріледі.

    Аталған аттестаттауға Павлодар облысының 12 ауданынан 25 лауазымды тұлға қатысты.

    Аттестаттау қорытындысы бойынша 22 лауазымды тұлғаға нотариаттық әрекеттер жасау құқығы берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Әділет департаменті" жаңалықтары