Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді

    Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді
    «Қоқыс пен құрғақ шөпті жағу үшін салынатын айыппұл»
    Жеке тұрғын үйдің немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының аумағын тазалау олардың иелері үшін елеулі жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Мұның барлығы өрт қауіпсіздігі талаптары мен қоршаған ортаны қорғау ережелеріне байланысты.
    Қоқыс пен құрғақ шөпті жағу – ауылдық жерлерде де, қалалардағы жеке секторларда және қала маңындағы аумақтарда да кең таралған тәжірибе.
    Алайда тұрмыстық қоқыстан, құрғақ бұтақтардан, жапырақтар мен шөптерден осылай құтылу қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіріп, қауіп төндіреді. Ал аса ауыр жағдайларда мұндай әрекеттер орман өрттеріне, сондай-ақ бірден бірнеше тұрғын үй мен құрылыстардың жойылуына әкелуі мүмкін.
    Сондықтан қоқысты жағу құқық бұзушылық болып табылады.
    Қоқыс жағу үшін салынатын айыппұл
    Құрғақ шөпті, бұтақтарды немесе басқа да қоқысты жағуға әрекет жасау өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын бұзумен байланысты.
    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 336-бап. Қалдықтарды жинау немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау
    Қалдықтарды жинау немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау – АЙЫППҰЛ САЛУҒА әкеп соғады.
    Бұл ретте заң бұзушылық салдарынан өрт шығып, адамдар немесе мүлік зардап шеккен жағдайда айыппұл мөлшері ұлғаюы мүмкін.
    Ал аса ауыр жағдайларда мұндай әрекет қылмыстық құқық бұзушылық ретінде саралануы мүмкін.
    Қоқысты жағу үшін арнайы бөлінген орындарды таңдау қажет.
    Олар шөп пен жапырақтардан тазартылып, жақын орналасқан құрылыстардан немесе сақтаулы материалдардан кемінде 50 метр қашықтықта орналасуы тиіс.
    Қоқысты тек күндізгі уақытта, міндетті түрде бақылауда ұстай отырып және жақын жерде өрт сөндіргіш немесе су болған жағдайда ғана жағуға болады.
    Қоқыс толық жағылып болғаннан кейін отты мұқият сөндіріп, сумен толықтай құю қажет.
    Өзіңізді және мүлкіңізді қорғаңыз!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Қаратал ауданы Бәйшегір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары