
2026 жылғы 7 қазан күні сағат 11:00-де Алмалы ауылының тұрғындарымен мәдениет үйінде Бәйшегір ауылдық округінің әкімі А. Тлеуғасымның биылғы жылы атқарған жұмыстары мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары жөнінде кездесуі өтті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында тұрғындардың сұрақтарына жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер бойынша іс шаралар жоспарына сәйкес орындалуы жөнінде жауапты мамандарға тапсырмалар берілді.








