
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Омбудсменнің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов және Омбудсмен жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшелері Ания Тулешова мен Гүлмира Шакирова және облыстық өкілеттік жанындағы Сараптама кеңесінің мүшесі Арман Баженов Құрманғазы ауданына іс-сапары кезінде Құрманғазы аудандық зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығына мониторинг өткізді.
Олар Орталықтың жалпы жағдайымен, қызметалушыларға көрсетіліп жатқан қызмет түрлерімен танысып, жатын бөлмелерді, медициналық, дефектолог, логопед кабинеттерді, асхана мен қоймаларды, ойын және тренажер алаңдарын қарады.
Мұнда жартылай стационарлық жағдайдағы мүмкіндігі шектеулі балалар, жалғызбасты қариялар мен зейнеткерлер, ерекше күтім мен сауықтыруды қажет ететін жандар 8 негізгі бағыт бойынша арнайы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.
Олар:
* Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер
* Педагогикалық көмек
* Медициналық қызмет түрлері
* Психологиялық қолдау
* Мәдени іс-шаралар
* Экономикалық бағыт
* Құқықтық көмек
* Еңбек бойынша бейімдеу
Орталықта штат бойынша барлығы 33 адам жұмыс жасайды.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында жартылай стационарлық жағдайда қызмет алған мүгедектігі бар бала- 25, оның ішінде 15 ұл, 10 қыз.
Психоневрологиялық ауытқуы бар бала-20; Тірек-қимыл аппараты бұзылған бала-5;
Жас ерекшеліктері бойынша 3 жастан 8 жасқа дейінгі – 4; 8 жастан-14 жасқа дейін – 11; 14 жастан 18 жасқа дейін -10.
Жартылай стационардағы қызмет алушы балаларды тұрғылықты жерлерінен таңертенгі уақытта орталыққа әкелуге және кешкі уақытта үйлеріне апаруға ауылдық округтер бойынша екі бағытта екі инватакси автокөлігімен тасымалдануда.
Үйде қызмет көрсету жағдайында жалпы қызмет алушы саны -140, оның ішінде 97 жалғызбасты қария; І-ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар-3; 40 мүгедектігі бар бала.
Орталық ғимараты 33 бейне-камералармен жабдықталған. Бәрлығы жұмыс жасап тұр.








