ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ...

    ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ...

    А.ж. 25 қыркүйекгінде Адам құқықтары жөніндегі Омбудсменнің Атырау облысы бойынша өкілі Құрманғазы ауданына жұмыс сапарымен барды.

    Амангелді Абдолов және Омбудсмен жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшелері Ания Тулешова мен Гүлмира Шакирова, Атырау өкілідігі жанындағы Сараптама кеңесінің мүшесі Арман Баженов Құрманғазы аудандық полиция бөліміндегі Уақытша ұстау изоляторын, жалпы қызмет жағдайларын қарап шықты.

    Қазіргі таңда Құрманғазы ауданы полиция бөлімі бойынша штат саны бойынша - 132 қызметкер. Ғимарат 37 бейне камерамен қамтамасыз етілген. Уақытша ұстау изоляторында 11 камера, ғимарат сыртында 7 камера, 22 камера ғимараттың ішкі жағын қамтамасыз етеді.

    Бұндағы негізгі мәселе – полиция бөлімі осы уақытқа дейін тозығы жеткен 1972 жылы салынған ғимаратта орналасқан. Сондықтан қазір қызмет етуге ыңғайлы, жайлы ғимаратқа көшіру туралы сұрақ Полиция департаментімен жергілікті әкімшілік тарапынан қарастырылуда. Бұл мәселе бойынша өкілмен де ұсыным берілетін болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі" жаңалықтары