Ақтаудағы жылу қазандықтары жылыту маусымына толық дайын

    Ақтаудағы жылу қазандықтары жылыту маусымына толық дайын

    Бүгін, 7 қазан күні Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары аясында қала аумағындағы бірқатар жылу қазандықтарының техникалық жай-күйімен танысты.

    Қазіргі таңда қала аумағында жалпы 11 жылу қазандығы бар. Оның 7-еуі «Ақтау тұрғын үй» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгерімінде. Аталған қазандықтардың барлығы жылыту маусымын тұрақты өткізуге толық дайын. Қалған 4 қазандыққа кәсіпорын келісімшарт негізінде қызмет көрсетеді.

    Бұған дейін қазандықтарда кешенді ревизия жұмыстары жүргізіліп, негізгі жабдықтар – су сорғылары, қосалқы генераторлар мен басқару жүйелерінің техникалық жағдайы толық тексерілді. Электр энергиясы уақытша ажыратылған жағдайда да қазандықтардың жұмысын тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік қарастырылған. Бұл тұрғын үйлердің үздіксіз жылумен қамтылуына мүмкіндік береді.

    Қала әкімі Мақсат Мұқаш қазандықтардың техникалық дайындығына оң баға беріп, жауапты мекемелерге жылыту маусымы кезінде нысандардың жұмысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

    Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызмет

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары