
Қызылбалық ауылдық округінің әкімі Уалиев Талғат Рапықұлы Қарақұм ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы ақпарат беріліп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен сауалдары тыңдалды.
Кездесу соңында көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.









