
Тимирязев ауданында аудан әкімі Ерлан Жаровтың Ақсуат және Мичурин ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулері өтті.
Кездесу барысында тұрғындар елді мекендерді абаттандыру, автомобиль жолдарының жағдайы, әлеуметтік сала мен инфрақұрылымды дамытуға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Түскен барлық өтініштер бойынша аудан әкімі жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.
Кездесулер барысында халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға және ауылдық округтер тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылды.
Аудан әкімі тұрғындардың барлық өтініштері тұрақты бақылауда екенін атап өтті. Жауапты басшыларға көтерілген мәселелерді белгіленген мерзімде қарастырып, шешу тапсырылды.









