БІРІНШІ МАМЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    БІРІНШІ МАМЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
    🇰🇿 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған халықпен есепті жүздесулері Бірінші Мамыр ауылдық округінен басталды.
    ✅ Кездесудің негізгі мақсаты – жылдың алғашқы жартыжылдығында жүзеге асырылған шараларды саралау, алдағы кезеңге белгіленген міндеттерді айқындау және елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлері мен талап-тілектерін тікелей тыңдау.
    ✅ Жиында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы Төлеби ауданының 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, атқарылған бастамалардың нәтижесін баяндады. Сонымен қатар алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар мен жоспарлар туралы айтып өтті.
    ✅ Аудан басшысы елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсарту және жұртшылықты алаңдатқан түйткілдерді кезең-кезеңімен шешу бағыттарына басымдық берілетінін атап өтті.
    ✅ Басқосу барысында Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі Бақытбек Маусымбеков 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен есепті жиында көтерілген мәселелердің орындалу барысы жөнінде баяндап, қолға алынған шаралардың нәтижесін таныстырды.
    ✅ Жиында ауылдық округ тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Атап айтқанда, ауылішілік жолдардың жай-күйін жақсарту, электр желілерін ретке келтіру, ауыз сумен қамтамасыз ету, көпірлердің жағдайын жақсарту, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті жол кедергілерін орнату жөнінде ұсыныстар айтылды.
    ✅ Тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді. Айтылған ұсыныстардың шешу тетіктері талқыланып, олардың орындалуын бақылауда ұстау қажеттігі ескертілді.
    ✅ Жиын соңында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы ауылдық округ тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Азаматтар өздерін толғандырған сауалдарын тікелей аудан басшысына жеткізіп, ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, көтерілген сауалдарды қолданыстағы заңнама аясында шешу жолдары қарастырылды.
    ✅ Халықпен тікелей жүздесу – елді мекендердің тыныс-тіршілігін бағамдап, жұртшылықтың көкейіндегі сауалдарды ашық талқылауға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Мұндай басқосуларда айтылған ұсыныстар алдағы кезеңдегі басым бағыттарды нақтылап, ел игілігіне бағытталған міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыруға негіз болады.
    ©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары