«Халық заңгері»: азаматтарға құқықтық көмек

    «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және білікті заң көмегіне қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған «Халық заңгері» әлеуметтік акциясын өткізді.

    Акцияның басты мақсаты – елорда тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес беру, өзекті құқықтық мәселелерді жедел шешуге жәрдемдесу, сондай-ақ одан әрі талдау мен заңнаманы жетілдіруді қажет ететін жүйелі проблемаларды анықтау.

    Іс-шара жұмысына 30-дан астам мемлекеттік орган, қоғамдық бірлестіктер мен бейінді ұйымдар қатысты. Мамандар 250-ден астам аудан тұрғындарына тұрғын үй құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек қатынастары, отбасылық заңнама және басқа да бағыттар бойынша кеңес берді.

    Акция елорданың барлық аудандарында өз жұмысын жалғастырып, әрбір тұрғынға білікті заң көмегінің қолжетімді болуын қамтамасыз етуде.

    Астана қаласының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының прокуратурасы" жаңалықтары