
Түркістан қаласында полицейлері №17 Ататүрік атындағы жалпы орта мектепте 500-ге жуық оқушымен кездесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жасөспірімдерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп, құқық бұзушылықтың салдары және кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін білу, қауіпсіздік талаптарын сақтау және заң талаптарын бұзбаудың маңыздылығы айтылды.
Іс-шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полицейлерден нақты жауаптар мен пайдалы кеңестер алды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттырып, қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған.









