
Бүгін, 6 қазан күні Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Сьезбек Кариповтың төрағалығымен Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылының 2026–2028 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу мәселесі талқыланды. Бұдан бөлек, Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің комиссияларын құру туралы шешімге өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты өкілдер баяндама жасап, тиісті ұсыныстарын таныстырды. Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан бірқатар сауал қойылып, оларға жауапты бөлім басшылары жауап берді. Талқылау барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулер назарға алынды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі








