ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ

    ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ

    Бөлек ауылдық мәдениет үйінде Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы есім» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

    Мерекелік жиынға Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Рустам Маратұлы Исатаев қатысып, барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, білім мен тәрбие жолындағы еселі еңбектеріне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, бірқатар ұстаздарға арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табыстады.

    Ұстаз — ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның бойына адамгершілік, отансүйгіштік пен ізгілік қасиеттерін сіңіретін ұлы тұлға. Сондықтан ұстаз еңбегін ұлықтау — ел болашағын ұлықтаумен тең.

    Мерекелік шара барысында Бәйтерек орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ы.Алтынсарин төсбелгісі және «Құрметті ұстаз» медалінің иегері Сағындықова Гүлнұр Жұматайқызы ұстаздар қауымына ақжарма тілегін арнады.

    Сондай-ақ, Шелек ауылының қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі, «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының республикалық және облыстық кезеңдерінің І орын иегері, жас маман Серікбай Айгерім өз жүрекжарды лебізін білдірді.

    Ақ тілектер мен ізгі ниеттерге ұласқан мерекелік кеште ұстаз мәртебесі, шәкірт жетістігі мен білімнің қоғамдағы орны кеңінен дәріптелді.

    Кеш соңында мәдениет үйінің өнерпаздары ұстаздарға арнап ән мен биден шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады. 🎶

    Барша ұстаздарға мықты денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыс, шәкірттерінің биік белестерін көруді тілейміз!

    Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
    Ұстаз абыройы асқақ, еңбегі жемісті болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі" жаңалықтары