БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бұйрығына сәйкес, Нұрбайұлы Нұржан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Ол еңбек жолында Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен колледжінде, «КАЗМЕХАНОБР» мемлекеттік ғылыми-өндірістік бірлестігінде түрлі қызметтер атқарған.

    Сондай-ақ Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар жүйесінде үш жылдай еңбек етіп, әлеуметтік бейімдеу орталығы мен «Аманат» Есік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

    Соңғы жұмыс орны – Бақанас арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі" жаңалықтары