Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

    Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

    Бүгін, ағымдағы жылдың 7 қазанында Н.С. Болатовтың төрағалығымен ZOOM онлайн режимінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

    Күн тәртібіндегі негізгі мәселе-2026-2028 жылдарға арналған ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы депутаттарды ағымдағы жылдың басында пайда болған бос қалдықты қайта бөлу және бюджет қаражатын бірінші кезектегі шығыстарға жіберу туралы хабардар етті. Депутаттардың барлық сұрақтарына негізделген жауаптар берілді.

    Отырыс барысында шығып қалғандардың орнына округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер де қаралды.

    Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұзынкөл ауданының мәслихаты" жаңалықтары