
Бүгін, ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста Ұзынкөл ауданының білім беру мекемелерінде балаларды тамақтандыруды және медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы мәселе қаралды.
Отырыс жұмысына аудандық мәслихат төрағасы, депутаттар, «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері және аудандық мәслихат аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.
Осы мәселе бойынша «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері, Г.В. Шелопухоның ақпараты тыңдалды. Депутаттардың сұрақтарына қажетті түсініктемелер мен тиісті ұсынымдар берілді.







