Астанада "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

    Астанада "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

    Астана аумағында 5-9 қазан аралығында көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

    Іс-шараның алғашқы күнінің қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 60-тан астам шетел азаматы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

    Сонымен қатар Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын өрескел бұзған екі шетел азаматына қатысты ел аумағынан мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі қабылданды.

    Іс-шара барысында заңсыз көші-қонға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ шетел азаматтарына Қазақстан аумағында болу тәртібін түсіндіруге бағытталған профилактикалық жұмыстарға ерекше назар аударылуда.

    Полиция азаматтар мен жұмыс берушілерді көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

    Шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тарту, олардың Қазақстан аумағында болу мерзімін бұзуы немесе тиісті құжаттарсыз еңбек қызметін жүзеге асыруы заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары