Қайназар ауылында тұрғындармен ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры желілерін реконструкциялау және тарту мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

    Қайназар ауылында тұрғындармен ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры желілерін реконструкциялау және тарту мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

    Қайназар ауылында тұрғындармен ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры желілерін реконструкциялау және тарту мәселелері бойынша кездесу өткізілді. Іс-шараға Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының (МСҚБ) өкілі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы, ауылдық округ әкімі, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдері қатысты. Кездесу барысында ауыл тұрғындары жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Жұмыстардың сапалы орындалуына байланысты ескертулер мен ұсыныстар айтылып, олар жауапты ұйымдардың өкілдерімен бірге талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындар жұмыстардың сапасына, сондай-ақ оларды орындау технологиясының сақталуына қатысты нақты талаптар мен ұсыныстарын білдірді. Авторлық және техникалық қадағалау өкілдері тұрғындар тарапынан айтылған ескертулер мен талаптарды назарға алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округі әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары