Қостанайда экотакси паркі жұмысын бастады

    Қостанайда экотакси паркі жұмысын бастады

    Мемлекет басшысы адамдардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру, заманауи шешімдерді енгізу және қалалық инфрақұрылымның сапасын арттыру міндетін қойып отыр.

    Қостанайда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында электромобильдерден тұратын жаңа экотакси өз жұмысын бастады. Бұл – заманауи, экологиялық таза әрі тұрғындар үшін қолайлы жолаушылар тасымалы қызметі.

    Салатанатты шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

    Жоба аясында 65 JAC электромобилі сатып алынды. Инвестиция көлемі – 487,5 млн теңге. Жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Электромобильдер Қостанайдағы Allur зауытында өндірілген.

    Электромобильдер зиянды заттардың атмосфераға таралуын азайтып, қалаға түсетін экологиялық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Жоба аясында электр көліктеріне арналған қуаттау станцияларының желісі де дамып келеді. Олар қаланың әртүрлі нүктелерінде орналасады.

    «Соңғы бес жылда Қостанай қаласының халқы 20 мың адамға артты. Сондықтан біз заманауи технологияларды, экологиялық таза шешімдерді және адамдардың өмірін жайлы ететін бастамаларды одан әрі енгізе беруіміз қажет», – деді аймақ басшысы құттықтау сөзінде.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының әкімдігі" жаңалықтары