1 қазан Қарттар күні және Ұстаздар күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 қазан Қарттар күні және Ұстаздар күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

    Бірлік округіне қарасты Надек ауылдық клубында 1 қазан Қарттар күні және Ұстаздар күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында Бірлік ауылдық округі әкімінің орынбасары Абдували Азамат Ержанұлы, Бірлік ауылдық округі аналар кеңесінің төрағасы, Мәдениет саласының үздігі,Еңбек даңқы төс белгісінің иегері Рауза Ахметова,Мектеп директоры Жумашов Мухаммет Әкімұлы, Надек ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Умирзакова Клара, Калиолақызы, Халықаралық жазушылар одағының және бүкіл дүние жүзілік ақын жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті азаматы төс белгісінің және Әлемнің мейірімді азаматы төс белгісінің иегері ақын Жартыбаева Меруерт Дүнгенбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, қазыналы қарттарымызға,аяулы ұстаздарымызға жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік шараның мақсаты – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін дәріптеу, қарттардың өмірлік тәжірибесін үлгі ету және ұстаз еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар жас ұрпаққа ізгілік, мейірімділік, сыйластық құндылықтарын насихаттау.
    Ұстаздардың еңбегін бағалап, оларға деген сый-құрметті арттыру; Аға буынның өмірлік тәжірибесі мен өнегесін жас ұрпаққа насихаттау; Ұрпақтар сабақтастығын нығайту; Көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлау.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары