
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 16 мамырдағы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын негізге ала отырып, 18 қыркүйек күні Алтыүй ауылдық кітапханасы Бірлік ауылдық әкімшілігіне, оқырмандарға
«Кітап оқитын ұлт – зерделі ұрпақ» республикалық марафоны аясындағы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты:«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының маңыздылығын түсіндіру, тұрғындар мен оқырмандар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және тұрақты кітап оқу дағдысын насихаттау. Кітап оқуға қызығушылықты арттыру, көркем әдебиет арқылы оқырмандардың білімін, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, рухани құндылықтарды дәріптеу және зерделі, білімді, ойлы ұрпақ қалыптастыруға ықпал ету.
Міндеттері:марафонның мақсаты мен өткізілу тәртібін түсіндіру;
оқырмандарды ұсынылған кітаптарды оқуға шақыру;
кітап оқудың адамға берер пайдасын насихаттау;
оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру;
оқыған кітаптары бойынша пікір алмасуға мүмкіндік жасау;
отбасылық және жеке кітап оқу мәдениетін дамыту.







