
Ақадыр кентінің орталық көшесінде жаңа «Керуен Маркет» әмбебап дүкенінің ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шара барысында кент әкімдігінің ТҚШ бөлімінің басшысы А.Есімғалиев кәсіпкерді жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, кәсібіне береке, жұмысына толағай табыс және алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.
Ашылу салтанаты мерекелік көңіл-күйге толы болды. Шара барысында лотерея ойыны ұйымдастырылып, қатысушыларға бірнеше бағалы сыйлықтар табысталды. Ал басты жүлде ретінде тұлпар ойнатылды. Сонымен қатар дүкеннің лентасы қиылып, ақ жаулықты әжелер шашу шашып, жаңа нысанға ақ тілектерін білдірді.
Мерекелік шара барысында әсем әндер шырқалып, қызықты ойындар ұйымдастырылып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Жаңа дүкеннің ашылуы тұрғындар үшін қуанышты жаңалық болып, мерекелік бағдарламаға ерекше сән берді.
«Керуен Маркет» ұжымына толағай табыс пен тұрақты даму тілейміз!









