
Новобаженово ауылында 50 орынға арналған «Алтын ұя» балабақшасының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Өз сөзінде аудан әкімі бүлдіршіндерге сапалы білім мен тәрбие берудің, балаларға қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жаңа балабақша ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейін арттыруға оң ықпал ететінін жеткізді.
Жаңа балабақшада балалардың білім алуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуына және жан-жақты тәрбиеленуіне қажетті жағдайлар жасалған.
Жаңа нысанның ашылуы-ауыл тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік жаңалықтардың бірі.





