"Абай облысы Жаңасемей ауданы Новобаженово ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

    Әкімдік туралы

    "Абай облысы Жаңасемей ауданы Новобаженово ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ақпараттық – талдамалық, ұйымдастыру – құқықтық және материалдық – техникалық салада Новобаженово ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.

    "Абай облысы Жаңасемей ауданы Новобаженово ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, қала әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    "Абай облысы Жаңасемей ауданы Новобаженово ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.