
Қарттар күніне орай Бескөл ауылдық округінің әкімі Н. М. Бейсембаев ауылдың қарт тұрғынына арнайы барып, ізгі ниетпен азық-түлік себетін табыстады.
Ардақты қарияға ақжолтай тілектер айтылып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен береке тілінді.
Қарттарымызға құрмет көрсету, олардың көңіліне қуаныш сыйлау — баршамызға ортақ парыз. Үлкенге ізет көрсету арқылы кейінгі ұрпаққа мейірімділік пен қамқорлықтың үлгісін көрсетеміз.
Қариясы бар ел — қазыналы ел!









