
Аудан әкімі Қайрат Ақшолақ Шалқар қаласында салынып жатқан өнер мектебінің құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Нысанды аралау барысында аудан басшысы құрылыс жұмыстарының қазіргі жай-күйін, орындалу сапасын және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстарды қарады. Жауапты мердігер мекеме өкілдері құрылыс барысы туралы ақпарат берді.
Аудан әкімі әлеуметтік маңызы бар нысандағы жұмыстарды белгіленген талаптарға сәйкес сапалы жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
«Өнер мектебі – балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды нысан. Сондықтан құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән беріліп, әр кезеңі тиісті бақылауда болуы қажет», – деді аудан әкімі.







