Құрметті ұстаздар қауымы!

    Құрметті ұстаздар қауымы!

    Ардақты білім саласының ардагерлері!

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы - адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» дейді дана Абай.

    «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – демекші, ұстаздық – мәртебелі мамандық. Себебі ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастыратын ардақты тұлға.

    Ауданда білім беру саласына инновациялық технологияларды ендіріп, үнемі кәсіби шеберлік деңгейін көтеруде ізденіс жолында жүрген ұстаздарымыз жетерлік. Бірі республикалық, облыстық деңгейдегі кәсіби сайыстардан жүлделі орындардан көрінсе, енді бірінің шәкірттері түрлі байқау-жоба жарыстарынан жоғары көрсеткішке жетіп отыр.

    Қадірлі ұлағатты ұстаздар!

    Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Сондықтан еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда!

    Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғысымызды білдіреміз!

    Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілеймін!

    Құрметпен, Арман Абдуллаев

    Сарыағаш ауданының әкімі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары