
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасының Республика күні мерекесін атап өту қарсаңындаАйыртауаудан прокуратурасының бастамасымен №51 мекемеде сотталғандардың, мекеме әкімшілігі өкілдерінің және әскери қызметшілердің қатысуымен шағын футболдан жолдастық турнир өткізілді.
Спорттық іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, дене белсенділігін дамытуға, командалық рухты нығайтуға, сондай-ақ сотталғандардың бос уақытын мазмұнды әрі пайдалы ұйымдастыруға бағытталды.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің жақсы дене дайындығын, төзімділігін, өзара сыйластықтарын және адал спорттық күреске деген ұмтылыстарын көрсетті.
Мекеме әкімшілігінің өкілдері мен әскери қызметшілер турнирге белсенді қатысып, ашық өзара іс-қимыл және спорттық достық ахуалын қалыптастыруға ықпал етті.
Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар естелік грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандардың жағымды әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға, оларды салауатты өмір салтына баулуға және одан әрі әлеуметтенуіне ықпал етеді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.






