
Қызылорда облысы Полиция департаменті қылмыстың алдын алу және ашу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында цифрлық технологияларды белсенді қолдануда.
Жыл басынан бері заманауи цифрлық мүмкіндіктердің көмегімен өңірде 182 қылмыс ашылып, 79 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталып, олардың алдын алуға мүмкіндік туды.
Полицияның техникалық мүмкіндіктері кезең-кезеңімен жаңартылып, жасанды интеллект негізіндегі жаңа бағдарламалар енгізілуде. Бұл құқық бұзушылықтарды жедел анықтап, оларға дер кезінде ден қоюға мүмкіндік береді.
Цифрландыру нәтижесінде полицияның жедел әрекет ету мүмкіндігі артып, бейнебақылау жүйесінің тиімділігі күшейді. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті нығайтып, қылмыс деңгейін төмендетуге ықпал етуде.






