Тамақтан уланудың алдын алуға арналған семинар өтті

    Тамақтан уланудың алдын алуға арналған семинар өтті

    Тараз қаласы 2026 жылғы 29 қыркүйек, «Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы» базасында қоғамдық тамақтану, білім беру және тәрбиелеу объектілерінің басшылары мен өкілдеріне арналған оқыту семинары өткізілді.

    Семинар барысында «Тамақтан уланудың алдын алу», «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар», сондай-ақ «Білім беру және тәрбиелеу объектілерінде тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар» тақырыптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Баяндамашылар ретінде Білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Ж.А. Ширяева және Тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің басшысының м.а. Б. Самат сөз сөйлеп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, тамақ өнімдерін дұрыс сақтау және дайындау, сондай-ақ балалардың қауіпсіз тамақтануын ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды.

    Сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (СЭҚ) ақпараттық жүйесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – санитариялық талаптарды сақтау және тамақтан уланудың алдын алу арқылы халықтың, әсіресе балалардың денсаулығын қорғау.

    Қауіпсіз тағам – денсаулық кепілі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары