Оның айтуынша, Экологиялық кодекстің 418-бабының 16-тармағына сәйкес, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілерге МАЖ-нің міндетті түрде болуы туралы талап 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
«Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 208 бұйрығының 11-тармағына сәйкес шығарындылар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі шығарындылардың біреуіне сәйкес келетін негізгі стационарлық ұйымдастырылған шығарындылар көздерінде келесі критерийлер бойынша белгіленеді: бір стационарлық ұйымдастырылған көзден атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың жалпы көлемі жылына 500 тонна немесе одан жоғары болған жағдайда; газдан басқа отынмен жұмыс істейтін, жалпы электр қуаты 50 МВт және одан жоғары электр станцияларындағы көздерге, сондай-ақ жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары қазандықтарға; газбен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдардың жалпы электр қуаты 500 МВт және одан жоғары болған жағдайда, сондай-ақ жылу қуаты 1200 Гкал/сағ және одан жоғары қазандықтарға орнатылады», – деді спикер.
Қағидалардың 14-тармағына сәйкес алау қондырғыларындағы шығарындыларды мониторингілеу алауға жіберілетін газдың шығынын, тығыздығын және құрамын бақылау арқылы жүзеге асырылады. Қағидалардың 17-тармағына сәйкес I санаттағы объектіден жер үсті су объектісіне немесе жергілікті жердің рельефіне (буландырғыш-тоғандар мен жинақтағыштарды қоспағанда) бұрылатын сарқынды суларды шығару АСМ жарақтандырылуға жатады.









