АУДАН ӘКІМІ ҚОСАҒАШ АУЫЛЫНДА НӨСЕР ЖАҢБЫРДАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙМЕН ТАНЫСТЫ

    АУДАН ӘКІМІ ҚОСАҒАШ АУЫЛЫНДА НӨСЕР ЖАҢБЫРДАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙМЕН ТАНЫСТЫ
    Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты Қосағаш ауылын аралап, нөсер жаңбыр салдарынан су жиналған тұрғын үйлер мен аулаларды көрді. Тұрғындармен кездесіп, қалыптасқан жағдайды көзбен көріп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
    Аудан басшысы жауын-шашын салдарын жою бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысып, жауапты сала басшылары мен мамандарына су басу қаупінің алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалпына келтіру жұмыстарын жедел ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
    Қазіргі таңда ауданның барлық ауылдық округтерінде арнайы кезекшіліктер ұйымдастырылып, қажетті арнайы техникалар мен жауапты мамандар жұмылдырылған. Жағдай тұрақты бақылауда.
    Аудан әкімі жауапты мекемелерге тұрғындардың қауіпсіздігі мен мүлкін қорғау мәселесін бірінші кезекке қойып, туындаған мәселелерді жедел шешуді тапсырды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары