ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА

    ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА
    Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қазығұрт ауданындағы нөсер жаңбыр салдарынан су жиналған аулалар мен үйлерді аралап, тұрғындармен тілдесті. Жауын-шашын салдарын жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, жауапты сала мамандарына тиісті тапсырмалар берді.
    Қазіргі таңда жұмыстарға 9 арнайы техника және 150-ден астам адам тартылған. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерін тазалау жұмыстарын жүргізуде.
    Қазығұрт ауданындағы жағдай тұрақты. Адам шығыны мен тұрғын үйлердің қирауы тіркелген жоқ.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары