
2 қазанда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы Ливанның
Экономика және сауда министрі Амер Бисатпен кездесті. Әңгіме барысында
тараптар Қазақстан мен Ливан арасындағы сауда-экономикалық және
инвестициялық байланыстарды жандандыру, сондай-ақ екі елдің іскер
топтары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.
Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік қауіпсіздігі, туризм және
логистика салаларындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттарын да
қарастырды. Кездесу қорытындысында Қазақстан мен Ливан арасындағы
экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында жұмыс байланыстарын
жалғастыруға уағдаласты.








