
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Жайсаң ауылында аумақты санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша екі айлық науқан өткізілуде. Ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері сенбіліктерге белсенді қатысып, көшелер мен қоғамдық орындарды тазалап, тәртіпке келтіруде. Сонымен қатар, ауыл аумағында санитарлық тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуына бақылау жүргізілуде. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылады. Құрметті ауыл тұрғындары! «Таза Қазақстан» акциясын бірге қолдап, ауылымыздың тазалығы мен тәртібін сақтайық! Ауылымызды одан әрі көркейтіп, жайлы әрі таза мекенге айналдыруға бірге үлес қосайық!









