Жаңалық

    Жаңалық
    ТҮРКІСТАН: «САЙРАМ МАРАФОН – 2026» ЖАРЫСЫ ӨТТІ
    Сайрам ауданында бұқаралық спортты дамыту, тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту және қоғамдық белсенділікті арттыру мақсатында «Сайрам марафон – 2026» жарысы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында өткен спорттық шара биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Марафонға 300-ден астам адам қатысты. Жарысқа қатысушылар Жібек жолы және Манкент ауылдық округтерінің шекарасынан жүгіруді бастап, Ақсу ауылындағы «Мәртөбе» алаңында мәреге жетті. Жалпы қашықтық 7 шақырымды құрады.
    Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шараға аудан әкімі Мадияр Оразалиев аудан тұрғындарымен бірге жарысқа қатысты. Ерлер мен қыздар арасында үздіктер анықталып, ақшалай сыйлықтар мен медальдар табысталды. Сонымен қатар, белсенділік танытқан қатысушылар алғыс хаттар және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы" жаңалықтары