ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
    ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
    «1 қазан – Халықаралық қарттар күні». Бұл мереке 1990-жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының қаулысы негізінде кең көлемде аталып келеді. Аталмыш мерекені тиісті деңгейде атап өтіп, қазыналы қарттарына құрмет көрсетуші мемлекеттер қатарында Қазақстан да бар.
    Аталмыш мерекеге орай жетісайлық қарияларға мерекелік дастархан жайылып, сый-құрмет көрсетілді. Елдің ынтымағы мен бірлігін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген ел ағаларына құрмет көрсету шарасына аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов қатысты.
    Салтанатты іс-шара барысында ел ағалары Мырзашөл даласының кешегісі мен бүгінін, тәуелсіз Қазақстан елінің қол жеткізген жетістіктерін, бейбіт заманның қадірін ұғынуды айтып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге шақырды.
    Сонымен қатар, мерекелік дастархан басында аға буын өкілдері өскелең ұрпаққа жақсы менен жаманның аражігін ажырататын өсиетті ақыл-кеңестерін берді. Елдегі ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылықтың сақталуын, қайғысыз күннің түгемеуін тіледі.
    «Бүгінгі жас – ертеңгі елдің сенім артқан болашағы. Біз жастарымызға қандай өнеге көрсетіп, қандай тәрбие берсек еліміздің болашағы солай қалыптасады. Сондықтан, ұрпақ тәрбиесінде «сенікі, менікі» деген түсінік болмауы керек. Ол – баршамызға ортақ міндет.
    Осынау жауапкершілігі үлкен істе аянбай еңбек етіп келе жатқан сіздерге айтар алғысымыз шексіз» деген аудан әкімі ардагерлерді айтулы мерекемен құттықтады. Алғыс хаттармен марапаттап, сый-сияпаттар табыс етті.
    Бар жастық жігері мен күш-қайратын елінің ертеңіне арнап, аянбай еңбек еткен қарттарымыздың төл мерекелерін жоғары деңгейде атап өтуде аудан өнерпаздары да өз үлестерін қосып әсем әннен шашу шашты.
    «Қай заманда, қай қоғамда болмасын қарияның аты қария, орны әрқашан да төрде болмақ. Елдің ынтымағы мен бірлігін сақтап, берекесін асыруда, ұрпақ тәрбиесінде қарттарымыздың рөлі үлкен. Біздің ол кісілерден үйренеріміз әлі көп» дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Олжас Болатұлы.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары