
АҚҚАЙЫҢ ЖӘНЕ ҚАРАТАУСАЙ АУЫЛДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Дархан Тлеуов Аққайың және Қаратаусай ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елді мекендердегі өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, ауылішілік және кірме жолдардың жағдайы, қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстау, қар тазалау жұмыстары, сондай-ақ ұялы телефон байланысының сапасы мен қолжетімділігі мәселелері көтерілді. Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар назарға алынып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілді. Көтерілген мәселелердің шешілу барысы бақылауға алынатын болады.








