🌷 Қартаймандар, қарттарым! 🌷
Қарттар күніне орай Қарашай ауылдық округіне қарасты Қаратаусай және Аққайың ауылдарының клуб қызметкерлері бірлесіп, ауылдың ардақты қарттарына арналған мерекелік шара ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – аға буынға құрмет көрсету, олардың өмірлік өнегесін дәріптеу және үлкенге ізет, кішіге құрмет дәстүрін насихаттау.
Қарашай ауылдық округінің әкімі Жалғас Болатұлы Есбусинов қарттарды мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тіледі.
Мерекелік кеш ән мен биге, көңілді ойындар мен жылы әңгімеге ұласып, ақ дастархан басында жалғасты. Қарттар ақ баталарын беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. 💐
Қарияларымыздың ғұмыры ұзақ, дендері сау болып, ұрпақтарының қызығын көріп, ауылымыздың төрінде аман-есен жүре берсін! 🤲🏻❤️







